Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматыда өрт сөндірушілер 2 жасар мүгедек қызды құтқарды

Алматыда өрт сөндірушілер 2 жасар мүгедек баланы өрттен құткарып қалды. Бұл туралы белгілі қазақстандық спортшы, аралас жекпе-жек шебері Ардақ Назаров өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.

25.11.2022
Арнайы жоба

Спортшы Бостандық ауданының өрт сөндірушілеріне арнап жазба қалдырды.

Айтуынша, олардың жедел іс-қимылдарының арқасында екі жасар мүгедек қыз бала мен бір отбасын тұтас аман қалды.

«Спорт залға кіріп бір сағаттай жаттығып шыққанымызша қасымыздағы пәтер өртеніп, біздің өрт сөндіруші батырларымыз отты толық сөндіріп, екі жасар мүгедек баланы және бір отбасын құтқарып қалыпты. Өрт шыққан пәтердегі азаматтар, ысқа тұншыққаннан ба, ұйықтай берген. Егер өрт сөндіруші батырларымыз келмесе, екі отбасы қайғылы жағдайға ұшырар ма еді? Екі жасар мүгедек баланы өрттен аман алып шыққан жігіт Алматы қаласы, Бостандық ауданының өрт сөндіруші маманы Әділ Еркінұлы. Бастарын бәйгеге тіккен батыр жігіттердің еңбегі бағаланса екен», — деп жазды ол Instagram парақшасында.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай 24 қараша күні сағат 10:31-де Бостандық ауданы, Кекілбайұлы көшесі, 129/3 мекенжайы бойынша орналасқан үйде болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жеткен.

Белгілі болғандай, 3-ші қабаттағы пәтерлердің бірінің балконынан шыққан өрт бөлмеге тарап үлгерген.

«Улы қара түтін тұрғындарды эвакуациялау жолдарын бөгеп тастады. Қызыл жалын жоғарғы қабаттағы пәтерге таралу қаупін тудырды. Пәтерде кішкентай бала қалып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Барлау жүргізу барысында МӨС-1 Өрт сөндіруші-құтқарушысы Әділ Дәуренқұлов қолда бар тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалана отырып, төртінші қабаттағы пәтерден екі жасар қызды шығарды. Жедел жәрдем бригадасы қарап тексергеннен кейін бүлдіршін ата-анасына аман-есен табысталды», — деп хабарлады ведомстводан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ARDAK NAZAR (@ardaknazarov)

Тегтер: өрт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурызды қарсы алды

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қонаевта Наурыз кең көлемде тойланды: этноауыл, концерт және ағаш отырғызу акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

600 мың қатысушы және Наурыз рухы: Алматы облысында Ұлттық спорт күні кең көлемде атап өтілді

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz