Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Ақын» фильмі Португалия кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды

Дарежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі 10-20 қараша аралығында Португалияда өткен Lisbon & Sintra Film Festival 2022 (LEFFEST) кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

23.11.2022
Жаңалықтар

Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шакен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қатысуымен түсірілді.

«Ақын» фильмінде технологияның даму дәуірінде түсініксіз және маңызды емес адам болудан қорқатын ақын туралы баяндалады. Сценарий неміс жазушысы Герман Гессенің «Авторлық кеш» әңгімесіне негізделген. Таспаның түсірілімі Алматы, Алматы облысының қалалары және Атырауда Махамбет Өтемісұлы кесенесінің жанында өтті. Басты кейіпкерді белгілі әнші және музыкант Ердос Қанаев сомдады», — деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, фильмнің әлемдік премьерасы 2021 жылы Жапониядағы 34-ші Токио халықаралық кинофестивалінің басты байқауында өтті. Онда фильм «Үздік режиссура» номинациясы бойынша марапатталды. Кейін фильм Германиядағы 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде байқаудан тыс көрсетілді. Сондай-ақ, «Ақын» Бразилиядағы Olhar de Cinema халықаралық кинофестивалінде «Үздік фильм» сыйлығын жеңіп алған болатын.

Қазақстанда кинокартина осы жылдың сәуір айында шектеулі прокатқа шығарылды.

Сондай-ақ, 14 желтоқсаннан бастап «Ақын» Франция кинотеатрларында прокатқа шығатыны белгілі болды.

Тегтер: фильм

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz