Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шекарадағы бірнеше өткізу бекеттерінде электронды кезек жүйесі енгізілді

Бүгіннен бастап Қытаймен шекарадағы «Достық» автомобиль өткізу пунктінде электронды кезек жүйесі іске қосылды. Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифинг барысында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов осылай мәлімдеді.

23.11.2022
Жаңалықтар

«Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, 2022 жылғы 23 қарашадан бастап Қытаймен шекарада «Достық» автомобиль өткізу пунктінде электронды кезектің автоматтандырылған жүйесін пилоттық іске қосу жоспарланды. Ол үшін мемлекеттік органдар Қазақстаннан шыққан кезде автомобиль көлік құралдарын өткізуді ұйымдастырудың уақытша схемасын бекітті. Биыл 23 қарашадан бастап мұнда «Qoldau.kz» платформасының немесе «Сargoruqsat» мобильді қосымшасының автоматтандырылған электрондық кезек жүйесі пайдаланылады», — деп атап өтті ол.

Оның мәлімдеуінше, электронды кезек жүйесін құрудың мақсаты – көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізу пунктіне кіру кезектілігін қалыптастыру және бұл процестің ашықтығын қамтамасыз ету.

«Бағдарламаны қолдану өте оңай. Мәселен, жүргізуші портал немесе мобильді қосымшаға тіркеліп, кейін жол жүру үшін бос күн мен уақытты таңдайды. Артынша оған өз кезегі туралы SMS-хабарлама жолданады», — дейді Бақытжан Слямов.

Комитет дерегінше, аталған жобаның қорытындысы негізінде мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша электронды кезек жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі.

Тегтер: Қазақстаншекараэлектронды

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz