Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысын дамытуға бірнеше компания ұсыныс жасады

Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев өңірдегі қолға алынатын жоспарлар жайын талқылау үшін бірнеше компанияның өкілдерімен кездесті.

22.11.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Аталған басқосуда төмендегідей жобалар таныстырылды:

1. «Apple City Corps» ЖШС компаниясының мамандары Алматы облысында көліктік-логистикалық хаб құрылысы жайында өз жобасын ұсынды. Серіктестік БАКАД жолы маңындағы елді мекендердегі шаруа қожалықтарын жеке қосалқы шаруашылықтар ретінде тіркеу үшін қолдау көрсетеміз деп ниеттеніп отыр.
2. «Kazakh Building Material Group» компаниясы болса өңірде мырыштан және полимерлі материалдардан құрылысқа қажетті жабдықтарды өндіретін металлургиялық комбинат салу жобасын таныстырды. Аталған компания өкілдері Алматы облысына инспекциялық сапар жасауды жоспарлап отыр.


3. Сондай-ақ «Искомтранс» ЖШС компаниясы «Khorgos Gateway» портының жұмыс принципін негізге ала отырып, Жетіген стансасында көліктік-логистикалық астық хабын ашу жобасының таныстырылымын жасады.
4. «Duc in Altum LTD « компаниясы жоғары технологиялық ауруханалар орналасқан «ақылды қала» салуды ұсынды.
5. Сидр (әлсіз алкогольді газды сусын) дайындау үшін алма шикізатын қайта өңдеу жобасын «Винзавод» АҚ ұсынды. Қос тарап өңірде жұмыс істеп тұрған цехқа инвестиция тарту мәселесін талқылады.


6. Сонымен қатар Арслан Дандыбаев «СС-7 » севен Қытай Ұлттық химиялық инженерлік және құрылыс» корпорациясы мамандарымен кездесті. Қытайлық компания өңірдегі энергетика, құрылыс, ТҮКШ, медицина және т.б. салаларда қолға алынып жатқан жобаларға қолдау көрсетуге дайын.
7. Ал «Шин-Лайн» ЖШС-нен Еңбекшіқазақ ауданында сүт өнімдерін шығаратын зауыт салу туралы ұсыныс түсті. Бұл компания Қазақстанда көп жылдар бойы жұмыс істеп келеді.
8. «Tau Development» құрылыс компаниясы Алматы облысында инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жобаларды ұсынды.

Тегтер: инвестиция

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz