Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында сайлау учаскелері жабылды

Алматы облысының аумағында барлығы 606 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Дауыс беру сайлау заңнамасында белгіленген тәртіппен сағат 07:00-де басталып, сағат 20.00-де аяқталды.

20.11.2022
Аймақ

Облыста дауыс беруге құқығы бар 944 мыңнан астам сайлаушы бар. Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің көпшілігі жабылды.

Тек Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында (оның ішінде Байқоңыр қаласында) учаскелер Астана уақыты бойынша 21.00-де (жергілікті уақыт бойынша 20.00-де) жабылады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде он мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған.

Айта кетейік, президенттікке сайлануға алты үміткер қатысты:

«Халық коалициясынан» қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев;
«Аманат» Қазақстан кәсіподақтары достастығынан экономист Мейрам Қажыкен;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Жигули Дайрабаев;
«Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен Қарақат Әбден;
«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен Салтанат Тұрсынбекова;
оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның елордалық филиалының жетекшісі Нұрлан Әуесбаев.

Биылғы жылы дауыс беру бюллетеніне «бәріне қарсымын» тармағы қосылды.

ОСК мәліметтері бойынша, елде 11 950 485 адам сайлау құқығына ие. Резервті ескере отырып, 12 069 990 сайлау бюллетені дайындалды. 641 халықаралық бақылаушы сайлау процесіне мониторинг жүргізді, оның ішінде 10 халықаралық ұйымнан 532 бақылаушы және 35 шет мемлекеттен 109 бақылаушы.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz