Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

6 шілде күні “Үкілі домбыра” республикалық байқауы өтеді

01.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Алматы облысы, Қонаев қаласының Мәдениет үйінде 2022 жылы 6 шілде күні сағат 10:00 де “Үкілі домбыра” республикалық жас күйшілер байқауы өтеді. Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық өнерін ұлықтап, мәдени дәстүрін насихаттау, күй жанрының  дамуына серпін берумен қатар, жас домбырашылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіру арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.

Жас домбырашылардың кәсіби өсуі үшін жаңа білім алуға және музыка саласында өзін-өзі жетілдіруге қажетті жағдай жасауға бағытталған «Үкілі домбыра» республикалық жас күйшілер байқауы ұйымдастырылады.

Байқауға әр облыстан және 3 қаладан ең үздік деген 16-35 жас аралығындағы 1 үміткер қатысады.

Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылық шеберлігіне, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім үлгісіне баса назар аударып, бағалайды.

Жалпы, «Үкілі домбыра» республикалық жас күйшілер байқауы 2 кезеңнен тұрады.

І – II кезеңде: байқау ұйымдастырушыларымен бекітілген міндетті және қалауы бойынша күйлер ұсынылады. Қатысушылар орындаған күйлерінің тарихын баяндауы және сол күйді бүгінгі күнге дейін жеткізушілерді атап беруі міндеттеледі.

Байқауға қатысушыларға берілетін жүлде қорлары:

Бас жүлде — 400 000 теңге

I орын  — 300 000 теңге

II орын — 200 000 теңге

III орын — 100 000 теңге

Ынталандыру — тұрмыстық техника ( 40 000 теңге көлемінде).

Ұйымдастырушы: «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, «Рухани жаңғыру орталығы» КММ.

Байқауға республиканың 17 облыс 3 қаласынан келген қатысушылар, кәсіби мамандар, елімізге танымал тұлғалар, ғалымдар,  БАҚ өкілдері қатысады.

 

Тегтер: Қонаев қаласымәдениет үйіРеспубликалық байқауҮкілі домбыра

Соңғы жаңалықтар

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

В рамках декады Наурызнама в полиции Алматинской области прошел день открытых дверей

Николай Иващенко
20.03.2026

230 банковских карт заблокировала полиция Алматинской области

Николай Иващенко
20.03.2026

Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев с праздником Ораза айт

Николай Иващенко
20.03.2026

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz