Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында құсбегілер отбасы сайлауға қыран құстарымен бірге келді

Бүгін Текелідегі №1031 сайлау учаскесінде елімізге танымал саятшы, атбегі, құсбегі, Ұлттық спорт қауымдастығының республикалық деңгейдегі төрешісі, еңбек ардагері Бүркітбай Файзолла әулетімен бірге өз таңдауларын жасады.

20.11.2022
Аймақ

Бүркітбай Файзоллаұлы бала кезден баба мұрасын қасиет тұтып, ата кәсіптің қыр-сырын меңгерген жан. Оның тұлпар баптап, тазы ертіп, қыран ұшырған өнерімен қоса, ұлттық салт-дәстүрді өскелең ұрпаққа үйретіп жүрген ұстаздығы бір төбе. Құсбегі, атбегі Бүркітбайдың есімі тек Жетісу өңіріне ғана емес, ата дәстүрі мен кәсібін құрмет тұтатын қазақ жұртына мәлім.

Ұлы Жасұлан әке жолын жалғап, бабы келіскен қыран құстарын өңірлік, республикалық саятшылық жарыстарына қосып, маңдайы жарқырап жүлде алып жүр. Немересі Әлғазиз да ата мен аға тәліміне ден қойып, құс баптаудың қыр-сырын меңгерген.

«Ел тізгінін сеніп тапсыратын тұлғаны сайлаудың, азаматтық парызды өтеудің мән-маңызын өсіп келе жатқан ұрпаққа ұғындыру үшін сайлауға бала-шағамызбен бірге қатысып, саяси науқанға жауапкершілікпен қарап жатырмыз. Қазақстанның әр азаматы ел болашағы үшін маңызды сайлаудан қалыс қалмауға тиіс деп білемін. Іргеміз берік, бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын!», – деп әулеттің арқасүйер абызы Бүркітбай Файзоллаұлы аталы сөзін айтты.

Тегтер: Жетісу облысыпрезидент сайлауы 2022Текелі

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz