Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Kcell мен Tele2-ге қатысты тергеу басталды

Алматы бойынша монополияға қарсы департамент "Кселл" АҚ мен "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ға қатысты монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша тергеу бастады.

30.06.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Департамент мәліметінше, «Кселл» 2020-2021 жылдары ұялы байланыс және мобильді интернет қызметтеріне ең жоғары баға белгілеген. Мысалы, кейбір операторларда ұялы байланыс қызметтеріне ең төменгі баға орта есеппен 332 теңгені, мобильді интернет қызметтеріне орташа есеппен 1 022 теңгені құрады.

Байланыс операторлары 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда SMS-тарату тарифтерін орта есеппен 14,03%-ға көтерген. Бұл ретте ең жоғары орташа баға «Қазақтелеком» АҚ тобына кіретін «Мобайл Телеком-Сервис» және «Кселл» операторларында тіркелді. Бағаның ең жоғары өсу қарқыны жөнінен де аталған компаниялар көш бастап тұр.

«Мобайл Телеком-Сервис» – Tele2 мен ALTEL-дің біріккен компаниясы.

Еске сала кетейік, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыға тиесілі «Қазақтелеком» акциялары мемлекет меншігіне қайтарылды. Маусым айының ортасында үкімет ұялы байланыс саласындағы «Қазақтелекомның» үлесін азайтуды ұсынды.

Тегтер: Қайрат Сатыбалдыүкімет

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz