Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев: су-жаһандық проблемаға айналып отыр

30.06.2022
Саясат

Қазақстан Президентінің төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Онда су шаруашылығы саласын дамытуға қатысты мәселе бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов сөз сөйледі. Министрдің баяндамасын тыңдаған Мемлекет басшысы Орталық Азия өңірінде су мәселесі қашанда өте өзекті болғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазір бұл саладағы жағдай күрт нашарлап, тіпті, жаһандық мәселеге айналып отыр.

«Колумбия климаттық мектебіне қарасты Жер институтының зерттеуі бойынша Тянь-Шань тауларында жауын-шашынның азаю қаупі бар.  Ал бұл суармалы егістіктер мен жайылымдарға қажетті тұщы судың тапшылығын тудырады деген сөз. Тау басындағы жыл бойы жататын қардың көлемі азайып барады. Ғалымдар алдағы жиырма жылда қар бұдан да тез еруі мүмкін деген болжам жасап отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, сыртқы су ағынының азаюы суды тиімсіз пайдаланудың салдарынан. Оның пікірінше, су ресурстары жағдайына мемлекеттік мониторинг жүргізуді күшейту керек.

«Ағын сулардың режимі мен су қоймаларын зерттеу үшін 800 гидрологиялық бекет қажет болса, соның 310-ы ғана жұмыс істеп тұр. Толыққанды мемлекеттік су кадастры жоқ. Бұл су ресурстарының мөлшері мен сапасына мониторинг жасауға және экономиканың салаларын сумен қамтамасыз ету жөніндегі нақты теңгерімге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев суды пайдалану саласындағы ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарының нашар жүргізіліп жатқанын сынға алды. Мемлекет басшысы су шаруашылығы инфрақұрылымын түрлі мемлекеттік органдар басқаратынын атап өтіп, соның салдарынан су ресурстарына қатысты тиімді саясат жүргізілмей отырғанын баяндады.

«Премьер-министрдің бірінші орынбасары жанынан 2015 жылы құрылған  Су кеңесінің отырысы бір-ақ рет өткен. Бірақ бұл кеңес пікір алмасатын мәжіліс органы ғана емес, өзінің тиімділігін көрсетіп, шешім қабылдауы керек. Қазіргі мәселелерге баса мән беру сектордағы жағдайды қалпына келтіру үшін жүйелі шаралар қабылдауға мүмкіндік бермей отыр. Трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі бойынша Қазақстанның келіссөз жүргізудегі ұстанымы әлсіз болуы осыған байланысты. Ішкі су саясаты мықты болмаса, көрші елдермен тиісті су дипломатиясын құру мүмкін емес», – дейді Президент.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевсу тапшылығы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz