Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сайлау заңнамаларының барлығын қарадық, заңбұзушылық анықталған жоқ — ТМД байқаушылары

Астана қаласындағы №111 сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің парламентаралық ассамблеясының байқаушылары қадағалап жатыр.

20.11.2022
Жаңалықтар

«Біздің сарапшылар сайлау процесін реттейтін барлық заңнаманы қарады, ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ. Біз заңнамалық қорытындыны Парламенттің екі палатасы мен Орталық сайлау комиссиясына алдын ала жібердік. Сайлауды реттеуге қатысты барлық талап пен ереже заң аясында нақтыланған. Біздің байқаушылар Қазақстан аумағында және 13 елдің сайлау учаскесіндегі жағдайды соңына дейін бақылайды. Қорытынды бейтарап түрде шығарылады. Біз оның нәтижесін орталық сайлау комиссиясының отырысында жариялаймыз», — деді ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының халықаралық байқаушы Дмитрий Кобицкий.

Бүгінгі сайлау барысын ТМД парламентаралық ассамблея тарапынан 67 байқаушы қадағалап жатыр.

«Оның ішінде 15 байқаушы Қазақстанда жұмыс істеп жатыр. Қалғаны шетелдегі сайлау учаскелерінде жағдайды бақылайды», — деді халықаралық байқаушы Дилрабо Мансури.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полициясына 50 жаңа қызметтік көлік берілді

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

«Алмалы өнімдері»: Қонаевта азық-түлікті арзан бағамен сататын павильон ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алатауда 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген әйелдің құқығы қорғалды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz