Ардагерлердің айтуынша, бүгінде Алматы облысында 1014 ауған соғысының ардагері тұрады. Көпшілігі денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз, дегенмен олар жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларға үнемі қатысады. Облыс әкімімен кездесу барысында бірқатар тұрмыстық жағдайға қатысты мәселелер қозғалды. Әр өңірдің өкілдерін тыңдап, Марат Сұлтанғазиев интернационалист-ардагерлердің бірыңғай базасын құруды және оның негізінде әрбір ардагердің проблемаларын шешу бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды.
«Бүгінгі таңда облыста атқарылуға тиіс жұмыс көп және жұмыс күшіне деген қажеттілік жылдан жылға артып келеді. Жазда құрылысшылар мен қолөнершілер тапшылығы байқалды. Еңбекақы қазіргі нарыққа сай төленеді. Бірақ, әрине біз әр адамның денсаулық жағдайын да ескереміз. Кеше ғана Талғар ауданындағы мектепте киім қабылдаушының жоқтығынан өрескел оқиға болды. Денсаулығына байланысты кез келген жерде жұмыс істей алмайтын ардагерлер үшін мектеп және басқа да әлеуметтік орындар қолайлы болады деп ойлаймын», — деді өңір басшысы.
Ардагерлер облыс әкімінің бұл пікірін бірауыздан қолдады. Сонымен қатар, бұл ардагерлер ұйымдарының көптеген мүшелерін жұмысқа орналастыру бойынша өзекті мәселені шешеді. Бұдан бөлек, облыс әкімі жауынгер-интернационалистердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, облыс бюджетінен қаржыландырылатын сауықтыру мекемелеріне жыл сайынғы жолдамалар беруді қайта қарауды тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі әлеуметтік бағдарламалар желісі бойынша ардагерлерге бизнес пен қосалқы шаруашылық құру арқылы өзін-өзі қамтамасыз етуге көмектесуді тапсырды.
«Біздің міндетіміз – әр адамның тұрақты табыс табуына қолдау жасау», — деп сөзін қорытындылады аймақ басшысы.
Өз кезегінде, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектер одағы» ҚБ төрағасы Әділхан Хамзанов облыс басшылығына проблемаларды шешуге қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Жол картасын іске асыру ардагерлерге тұрмыстық мәселелерге алаңдамай, өңірдің қоғамдық өміріне және жастарды патриоттық тәрбиелеуге қатысуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram