Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Әзірбайжандық Аркадий Найдич «Кonaev CUP – 2022» турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін Қонаев қаласында ұйымдастырылған шахматтан халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

18.11.2022
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Барлық спортшылардан оқ бойы оза шапқан әзірбайжандық қатысушы Аркадий Найдич «Konaev CUP» кубогын жеңіп алды. Алматы облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев жеңімпазға кубокпен қоса 500 мың теңге ақшалай сыйлық, арнайы жасалған алтын медальды табыстады.

«Халықаралық дәрежедегі гроссмейстермін. Алдымен ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Әсіресе кішкентай балалар қатысатын спорт додаларын өткізу оңай емес екенін бір кісідей білемін. Барлығы 9 партия ойнадық. Соңғы партияда қазақстандық шахматшымен бақ сынастым. Қарсыласым мықты болды. Десе де, ойынның аты ойын. Әр қатысушы турнир нәтижесіне көңілі толды деп ойлаймын. Спорт додасы Қазақстанда өткендіктен осы жақтың қатысушылары көп болды. Бірақ, Ресейден келгендер де жақсы ойын көрсетті», — деді жеңімпаз Аркадий Найдич.

Сондай-ақ басқа номинациялар бойынша жүлделі орын иеленген қатысушылар ақшалай сертификаттармен, медальдармен марапатталды, кей ойыншыларға Д. Қонаев туралы кітап тарту етілді.

Бұған дейін шахматшылардың халықаралық турнирінің ашылу салтанаты туралы жазғанбыз.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Қонаевтурниршахмат

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz