Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мейрам Қажыкеннің жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты.

18.11.2022
Жаңалықтар

Мемлекеттік педагогикалық университеттің студенттері және оқытушыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кандидат жастардың идеяларын іске асыру үшін мүмкіндіктер беру қажеттігін атап өтті.

Студенттер білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және ақпараттық қауіпсіздік, қорғаныс саласындағы мәселелерге қызығушылық танытты. Мейрам Зекешұлы қаладағы Жылу Электр Орталығында да болды. Кәсіпорын қызметкерлеріне елдің энергетикалық және жылу өнеркәсібін дамыту туралы айтты. Сонымен қатар кандидат Тәуелсіздік монументі, Алаш орда, қазақтың үш биінің ескерткіштеріне гүл қойды.

«Мықты, өзімізге лайық әскер керек. Әскерді қару-жарақпен қамтитын өзімізде өндіріс болу керек. Тараз бен Шымкенттің арасында Түлкібас деген қала бар. Таза технология, өндірісті бастауға лайықты жер. Ол жерде білікті мамандар жұмыс істейді. Сосын мына екі қалада университеттер бар», − президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полициясына 50 жаңа қызметтік көлік берілді

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

«Алмалы өнімдері»: Қонаевта азық-түлікті арзан бағамен сататын павильон ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алатауда 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген әйелдің құқығы қорғалды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz