Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың штабтары 2500-ден астам іс-шара өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат науқаны талқыланған «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Республикалық қоғамдық штабының қорытынды отырысы өтті.

18.11.2022
Жаңалықтар

Іс-шараға Жигули Дайрабаевтың өзі, партияның өңірлік филиалдарының, өңірлік штабтардың басшылары мен мүшелері қатысты.
«Ауыл» партиясы сайлау науқанын өткізу барысында еліміздің барлық 20 өңірін қамтыды. Бүкіл ел бойынша 222 штаб жұмысы ұйымдастырылды. Үгіт-насихат шаралары барлық 88 қала мен 166 ауылдық ауданда өтті. Өңірлік штабтар 2500-ден астам іс-шара өткізді.

Үгіт-насихат сипатындағы 200 мыңнан астам баспа өнімі өндіріліп, таратылды, 300-ден астам билборд орнатылды.

Жигули Дайрабаев бастаған үгіт тобы еліміздің 17 өңірінің, оның ішінде республикалық маңызы бар үш қаланың сайлаушыларымен кездесті. Кандидаттың сенімді өкілдері барлық 20 өңірде кездесулер өткізді.

Үгіт-насихат науқаны әлеуметтік желілерде де, БАҚ-та да жүргізілді. «Ауыл» партиясының аккаунттарында сайлау алдындағы үгітті өткізу барысы туралы 500-ге жуық жарияланым жарияланды. БАҚ-та 3000-нан астам материал, оның ішінде кандидаттың «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттеріне берген сұхбаты жарық көрді. Жалпы, медиа кеңістікте 10 миллионнан астам адам қамтылды.

20 қараша – сайлау күні «Ауыл» партиясының өкілдері 6 мыңнан астам сайлау учаскесіне бақылаушы ретінде тартылатын болады.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында егін жинау жұмыстары қарқын алды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

23 тамызда Алматы облысында қоғамдық көлік тегін болады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Қарасайда жыл басынан бері 203 отбасы қоныс тойын тойлады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысының әкімі Райымбек пен Кеген тұрғындарымен кездеседі

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысында аяғы құбырға қысылған сәби құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz