Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғар ауданында балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Талғар ауданындағы "Аяла" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жанынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды.

16.11.2022
Аймақ

Аталған мекеменің ашылу салтанатына өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, аудан әкімі, орталық қызметкерлері қатысты.

«Облыста 42 мың мүгедектігі бар адам тіркелген, оның 6 мыңнан астамы балалар. Қазіргі таңда өңірде 4 оңалту орталығы жұмыс істеп тұр. Бүгін олардың қатарына тағы 1 орталық қосылды», — деді ашылу салтанатында өңір басшысы.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің сөзіне сүйенсек, жүргізілген мониторинг нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны жыл сайын өсіп келе жатқаны анықталды. Былтыр 5798 бала болса, биыл олардың саны 6300-ге жеткен.

«Ашылып отырған орталық барлықтарыңызға құтты болсын!
Алдағы уақытта осы балаларымыз орталықта тиісті әлеуметтік қызмет түрлерін алып, тезірек сауығып, ата-аналарына тек қуаныш пен бақыт сыйласын», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Ал облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметованың айтуынша, қазір бұл жерде 40 бала ем алып жатыр. Негізі орталық 120 балаға арналған. Мұнда облыстың түкпір-түкпірінен келген кез келген бала ем-шара алуына мүмкіндігі бар. Олар үшін түнгі ауысымда тәрбиеші көмекшілері, медициналық қызметкерлер сияқты бірқатар мамандар жұмыс жасайды.

«Мұнда денешынықтыру, монтессори, ойын, тіс емдеу, физиосауықтыру, музыка, демалыс, массаж, логопед, дефектолог кабинеттері, тұз шахтасы бар. Орталықтың құрылысы мемлекеттік тапсырыс бойынша 2020 жылы басталды. Оған бюджеттен 250 млн теңге бөлінді. Өздеріңіз көріп отырғандай, екі жыл ішінде қолданысқа берілді. «Аяла» оңалту орталығында балалардың емделіп, келешекте қоғаммен тиімді байланыс орната алуы үшін барлық жағдай жасалған», — деді Айгүл Ахметова.

Ресми мәліметке қарағанда, облыста мүмкіндігі шектеулі балалар ең көп тіркелген 3 аудан бар. Олар: Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары.

Салтанатты шараның соңы акт залында ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Тегтер: Талғар

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz