Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: 35 жедел жәрдем көлігі қолданысқа берілді

Атаулы күнге орай Қонаев қалалық ауруханасында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен салтанатты шара өтті.

16.11.2022
Аймақ

Іс-шараға өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы, аурухананың бас дәрігері, медицина қызметкерлері қатысты.

Ең алдымен облыс әкімі көліктердің қалай жабдықталғанымен танысты.

«Бүгін 35 жедел жәрдем көлігі қолданысқа беріліп отыр. Оның ішінде, жетеуі Қонаев қаласында қалады. Қалғаны 9 ауданға жөнелтіледі. Бұл көліктер заманауи еуропалық стандарттарға сай келеді. Яғни, алғашқы көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған», — деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда облыстағы 1,5 млн адамға 150-ден астам бригада қызмет көрсетеді.

«Жалпы біздің мақсатымыз — тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру. Біріншіден, айтулы күн құтты болсын! Екіншіден, жұмыстарыңызға табыс пен сәттілік тілеймін!», — деді облыс әкімі.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековтің ақпаратына қарағанда, бір көліктің құны — 39-40 млн теңге шамасында. Аталған автокөліктер еліміздің «Лизинг» бағдарламасы бойынша сатып алынды. Мұнда ЭКГ, ИВЛ секілді алдыңғы қатарлы аппараттар орнатылған.

Тегтер: Марат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Глава государства принял исполнительного вице-президента Dubai World Trade Center Трикси Лохмирманд

Николай Иващенко
04.05.2026

Закон о специальном правовом режиме города Алатау проверил Конституционный суд

Николай Иващенко
04.05.2026

Ночью в горах Заилийского Алатау найдены и спасены две потерявшиеся девушки

Николай Иващенко
04.05.2026

Какая погода будет на этой неделе в Алматинской области

Николай Иващенко
04.05.2026

Снова в воде: терминалы аэропорта Алматы снова затопило дождевыми водами

Николай Иващенко
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz