Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Карьер шаңы мен шуы әбден шаршатты — Бөлек ауылының тұрғындары

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бөлек ауылы тұрғындарының арыз-шағымдарына қарамастан, карьер жұмысы әлі күнге дейін тоқтаған жоқ. "Бесінші аймақ" басылымының хабарлауынша, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті осы карьерге қатысы бар «АлсимАларкоСанайиТесисперивеТиджарет» АҚ жұмысына айыппұл салған.

15.11.2022
Аймақ

Оған карьердің шаңы мен шуынан шаршаған тұрғындардың өтініштері себеп болған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің айтуынша, олардың карьерді жабуға құқы жоқ.

«Гүрілді күндіз ғана емес, түнде де естиміз. Жазда ұйықтау мүлдем мүмкін емес, өйткені бәрінің терезелері ашық. Аптап ыстықта терезелерді кешкі мезгілде ашып желдетіп алу керек,
онымен бірге карьерден шыққан шаң үйге кіреді. Терезені күнде тазалаймын. Кешкі самал жел басталғанда тыныс алу мүлде мүмкін болмайды. Бұл әсіресе кішкентай, сәбилері барларға қиын. Олардың кейбіреулерінде осыдан кейін шаңға аллергия пайда болды. Біздің билік түрік мердігерінің заңбұзушылықтарына көз жұмып, тұрғындардың өтінішіне мән бермейтін сияқты», — дейді жергілікті тұрғын Айнұр Г.

«Халыққа ешқандай да пайдасы жоқ. Тек қана үлкен-үлкен машиналармен тас жолдарды бұзу, шаңдату. Ең соңында халық демалуға мүмкіндік болмай кетті. Көк ала, көк шаң, анау жүк машиналары жарысқан кезде бір-бірімен ауыл көрінбейді. Бір айтамыз, екі айтамыз ескертіп, халық кішкене көтерілгенде су сеуіп бастайды сосын қайтадан қалады», — дейді жергілікті тұрғын Лариса М.

Ауыл тұрғындарын тек денсаулығының нашарлауы ғана емес, қатты бүлініп жатқан экология да алаңдатады. Карьерге жақын орналасқан Жетісу саяжайының тұрғындары Президентке  хат жолдамақ ниетте.

Қазіргі уақытта Алматы облысының табиғатты қорғау прокуратурасы бұл факті бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Тегтер: Еңбекшіқазақ

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісіне 39 млрд теңге инвестиция салынады

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысында жылына 200 тонна балық өндіретін жаңа кешен іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысы экспортқа бағытталған өндіріс орталығына айналып келеді

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Марат Сұлтанғазиев: «Алматы облысында туризм экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс»

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz