Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Жетісу облысында жүргізуші екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Жетісу облысында жүргізуші екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Жаяу жүргіншілердің бірі көз жұмды, деп хабарлайды Alataunews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11.11.2022
Арнайы жоба

Жаркент полицейлері адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасынан кейін қашып кеткен 31 жастағы Toyota Camry 10 жүргізушісін ұстады. Бұған дейін бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған азамат қазір полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

10 қараша күні Жаркент қаласындағы Әлиев көшесінде белгісіз көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Өкінішке орай жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізуші қашып кеткен.

«Қатты соққыдан оқиға орнында автокөліктің мемлекеттік нөмірі түсіп қалды. Сол арқылы оқиға орнынан қашқан жүргізушіні анықтау мүмкін болды. Жаяу жүргіншілерді көршілес Алматы облысының 31 жастағы тұрғыны қағып кеткендігі анықталды. Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды», – деді Панфилов ауданының полиция бөлімі.

Жол апатынан аман қалған 34 жастағы ер адам дәрігерлердің бақылауында. Тергеу қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Тегтер: Жетісу облысыЖол апатыоқиға

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz