Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматыда көпірден темір жолға секірмек болған әйел құтқарылды

Алматы полицейлері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

11.11.2022
Арнайы жоба

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, суицид жасамақ болған әйелді құтқару операциясы Жетісу ауданында орналасқан көпірде жүргізілген.

Таңғы сағат 06:57-де «102» пультіне көпірден біреудің секірейін деп тұрғаны туралы қоңырау келіп түсті.

Дабыл бойынша бірінші болып «Буран-183» патрульдік экипажы жолға шықты.

Оның құрамында патрульдік полиция полкінің инспекторлары Нұрлан Қыдырбай мен Наурыз Дәнекеев болды.

«Дерек расталды. Әйелдің көпірден секіргісі келіп тұрғанын көрдік. Біз оның қолынан ұстап алдық. Ол шок күйінде болды. Алайда кейінірек пойыз күтіп тұрғанын түсіндірді: ол пойыздың астына секіріп, өзіне қол жұмсағысы келген. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы шақырылды. Мән-жайды білу үшін әйелді соларға тапсырдық», – деді Наурыз Дәнекеев.

Жетісу аудандық полиция басқармасында жеткізілген әйел отбасындағы келіспеушілік салдарынан өзіне қол жұмсауға бел буғанын айтқан.

Оған психологиялық көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz