Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сайлау-2022: бүгін телевизиялық дебат өтеді

2022 жылғы 11 қарашада сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді.

11.11.2022
Жаңалықтар

Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады:

Бірінші раунд – «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы». Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады.

Екінші раунд – «Пікірсайыс сессиясы» өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды.

Үшінші раунд – «Сайлаушылардың сұрақтары». 2022 жылдың 10 қарашасына дейін «Хабар» Агенттігінде «ҮМІТКЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЙ!» айдарымен сайлаушылардан видеосұрақтар қабылданды. Яғни, азаматтарға кез келген кандидатқа өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Олар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын сұрақ жазып, оны debaty-2022@khabar.kz электрондық поштасына жіберді. Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады. Эфирде қойылмаған видеосұрақтар кандидаттардың штабтарына жауап беру үшін жіберіледі.

Төртінші раунд – «Сайлаушыларға үндеу» деп аталады. Онда қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеулерін жасайды.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полициясына 50 жаңа қызметтік көлік берілді

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

«Алмалы өнімдері»: Қонаевта азық-түлікті арзан бағамен сататын павильон ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алатауда 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген әйелдің құқығы қорғалды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz