Ол №98 автобуста тағылымдамадан өткен болып шықты. Ер адам соқтығысқан кезде автобус терезесінен құлап кеткен деп болжанып отыр.
«Жол апаты кезінде №98 автобуста тағылымдамадан өтуші болған. Ол жұмысқа енді кірген. Тергеу мүддесіне байланысты ештеңені аша алмаймыз. Марқұм бізде тағылымдамадан өтуші болғаны туыстары іздеп, қоңырау шала бастағанда белгілі болды», — деді City-Bus ЖШС директоры Егор Жиглов.
Компания өкілі ол сол күні автопаркке келмегенін айтты. Автопарк мәліметінше, барлық ақпарат ішкі тергеуден кейін берілген.
«Біздің білуімізше, ол 8 қарашада 98-бағыттағы автобуспен «Көлік холдингіне» құжаттар алуға бара жатқан», — деді автопарк өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін марқұмның жаяу жүргінші екені айтылған еді.





