Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевтан Алматыға қатынайтын пойыз алғашқы рейсіне шықты

Айтулы күнге орай таңғы 5:45-те Қонаев қаласының стансасында салтанатты шара өтті.

11.11.2022
Аймақ

Шараға облыс әкімінің орынбасары, басқарма басшылары, қала әкімі Нұрлан Құматаев, мемлекеттік қызметкерлер, ақсақалдар, «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамының бас директоры, тұрғындар қатысты.

«Қонаев қаласынан Алматыға қатынайтын екі стансаны іске қостық. Оның бірі «Қапшағай» стансасы болса, екіншісі — автовокзал маңындағы станса. Дәл қазір біз тұрған бекет УП 16/13 деп аталады. Бұл жер тұрғындардың ары-бері қатынауына ыңғайлы. Осы уақытқа дейін автобекеттен Алматыға қарай көліктер ағылып жатса, енді пойыз да жолаушыларды таситын болады», — деді облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Алмас Батанов.

Оның айтуынша, билет құны — 400-450 теңге. Пойыз 1 ай бойы Алматы-1 бекетіне қатынайды. Желтоқсанның 11-нен бастап бағытты Алматы-2 стансасына дейін созу жоспарланып отыр.

«Өздеріңіз білетіндей, «Алматы-2» бекеті метроға жақын. Яғни, тиімді бағыттың бірі де осы болмақ. Қазіргі таңда біз Қазақстан Теміржолы компаниясымен таңғы 6-да Алматыдан бері қарай бағыт ашу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз», — деді ол.

Сондай-ақ Алмас Батанов билет құнының қолжетімді болып қалуы үшін мемлекеттен субсидия бөлінуі қажет екенін айтты. Ол үшін 2023 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша арнайы конкурс ойнатылады. Нәтижесінде жолаушыларды тасымалдайтын компания бекітіліп, пойыздың қатынау уақыты мен бағыты қайта қарастырылады және қажетті қаржы бөлінеді.

«Пойыз қолданысқа берілген соң жыл аяғына дейін тұрғындардың пікірі тыңдалып, жобаны одан әрі жетілдіре түсеміз», — деді Алмас Батанов.

Салтанатты жиында пойыздың қызыл лентасын қала ақсақалдары Амангелді Беспаев пен Амангелді Керімбеков қиды.

Ал облыс әкімінің орынбасары Нұржан Кеңесұлы мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ директоры Жәнібек Тайжанов болса ізгі тілектерін айтып, тұрғындарды құттықтады.

Ашылу рәсімі аяқталған соң сағат 6:00-де пойыз алғашқы рейсіне аттанды.

Естеріңізде болса, күні кеше екі шаһар арасында қатынайтын пойыз туралы ақпарат бергенбіз.

Тегтер: Қонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz