Жол ережесін бұзғаны үшін ол Әкімшілік құқық бұзу кодексінің мына баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
— 597-баптың 4-бөлігі (Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жерде тоқтап тұру);
— 599-баптың 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту);
— 590-баптың 2-бөлігі (Мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз автокөлік құралын басқару).
«ІІМ-нен алынған VIP-белгіні» ол Instаgram-да тапсырыспен алған.




