Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ескелді ауданында бақша өнідірісі жаңғыруы тиіс – Бейбіт Исабаев

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев ауданға жұмыс сапары барысында ауылшаруашылық саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

29.06.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Өңір басшысының пайымдауынша, Ескелді ауданының әлеуеті жоғары болғанмен, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу тиісті деңгейде дамымай отыр.

«Осы ауданның табиғи-климаттық жағдайы бау-бақша шаруашылығын дамытуға қолайлы. Сондықтан осы бағытта қозғалу және кейіннен қайта өңдеуді қамтитын өндірістің толық циклін іске қосу қажет. Бұл өз кезегінде бюджетке түсетін салықты артырып, жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді», — деп атап өтті Бейбіт Исабаев.

Әкім мұндай жобаны жүзеге асыруды өңірдегі ең ірі «Хильниченко и К» сенімді серіктестігіне ұсынды.

«Заманауи технологияларды қолдануға мүмкіндігі бар ірі инвесторларға жермен жұмыс істей алатын білімді мамандар, өз ісінің шеберлері қажет. Сіздерде ауылшаруашылығы саласын дамытуға қажетті білім мен жылдар бойы жинаған баға жетпес тәжірибе бар», — деді Бейбіт Исабаев.

Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Бүгінде «Хильниченко и К» кәсіпорнында сүт-тауар, қой, жылқы фермалары, көкөніс қоймасы, өңдеу цехтары және басқалары бар. Кәсіпорын өз бидайынан ұн өндіреді, макарон және нан-тоқаш өнімдерін, шұжықтар мен жартылай фабрикаттарды дайындайды. Сонымен қатар, компания бағбандыққа инвестиция салуға мүдделі.

«Қазір біз қарқынды көгалдандыруға күш салып жатырмыз. 1800 көшет отырғызылды. Алманың 5 түрі, алмұрттың 2 түрі, өрік және шие. Бізді бұл сала қызықтырады және біз оны дамытқымыз келеді. Сондықтан барлық ұсыныстарды қарастырамыз», — деді кәсіпорын төрағасының орынбасары Александр Хильниченко.

Тегтер: Ескелді ауданы

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz