Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 28 мың адамның кредиті кешіріледі

Қазақстанда микроқаржы ұйымдарынан кредит алған мыңдаған адамның қарызы кешіріледі. Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Әбдірахманов хабарлады.

09.11.2022
Жаңалықтар

Қазан айының басында бір топ депутат микроқаржы ұйымдарына қатысты сауал жолдаған. Проблемалық кредиттерге қатысты мәселе де қозғалды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сәйкес, 1 қыркүйекке дейін микроқаржы ұйымдарында кепілзатсыз берілген тұтынушылық кредиттердің жалпы сомасы 416 миллиард теңгені құрады. Ал қарызға ақша алғандардың саны 1,3 миллион адамға жеткен.

Биыл 8 айдың ішінде кредитті төлеу мерзімі үш айға кешіктірілген қарыздардың үлесі 18,8 процентке өсіп, 71,3 миллиард теңгені құрады. Ал проблемалық қарыз алушылардың саны 432,2 адамды құрап отыр. Олардың басым бөлігі онлайн кредит рәсімдеген. Жалпы қарыз 40 миллиардқа жеткен.

Қазіргі кезде агенттік проблемалық микрокредиттердің үлесін азайту шараларын атқарып жатыр. Мәселен, 1 қазанға дейін 285,5 мың адамға жеңілдік жасалды. Атап айтқанда, 66,4 мың қарыз алушының 585 миллион теңге көлеміндегі кредиті толығымен немесе ішінара кешірілді. Бұдан бөлек, 756 миллион теңгенің өсімпұлы мен айыппұлы жойылды. Ал 15,3 миллиард теңгенің микрокредиті бойынша қарызды қайта құрылымдау шарасы атқарылды. Соның нәтижесінде 4,8 миллиард теңгенің айыпақысы кешірілді.

«Микроқаржы ұйымдары ұсынған жеке жоспарлардың негізінде 2022 жылдың аяғына дейін 432 мың қарыз алушының 33,1 миллиард теңге көлеміндегі қарызын қайта құрылымдау жоспарланып отыр. 107 мың адамның 0,8 миллиард теңге кредиті ішінара, ал 28 мың адамның 0,6 миллиард теңге көлеміндегі қарызы толығымен кешіріледі», — дейді Әбдірахманов.

Тегтер: Қазақстаннесие

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz