Кандидат пен оның партияластары қоғамдық көлікке мініп, жолаушылармен әңгімелесті. Тұрғындар Талғар ауданына қатынайтын автобустың іргедегі Нұра аулына соқпай кететініне шағымданды.
Осыған байланысты жергілікті жұртшылық елді мекенге жету үшін шамамен 4 шақырым жаяу жүруге мәжбүр. Саяси бірлестік өкілдері сондай-ақ Нұра аулындағы мектеп пен аурухана жағдайымен танысты. Халықпен кездесті.
«Бүгін біз штабымызбен және кандидатымызбен бірге Алматы облысы маңындағы Нұра ауылына келдік. Бұл ауылдың өзінің ерекше статусы бар. Шалғайдағы елді мекен емес. Мегаполис маңындағы ауыл. Барлық адам өз күшімен жасап жатыр. Балаларға жаны ашып, балабақша ашып отыр», – деді Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Анас Баққожаев.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.





