Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері марапатталды

Бүгін Қонаев қаласының Мәдениет үйінде әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби мейрамы аталып өтті.

04.11.2022
Аймақ

Шара барысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев бірқатар мамандарды Алғыс хатпен, төсбелгімен марапаттады.

І. Облыстың әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен:

• «Ақниет» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының палаталық санитары Сүлейменова Жеңіскүл Бейсенбіқызы;
• Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері Алимжанова Гүлмира Кұныпияқызы;
• Енбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері Тайтаразова Ұлбике Төлегенқызы марапатталды.

ІІ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен:

• «Ақниет» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Сұлтанов Тұрлыхан;
• «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Тортаев Нұрғали Бекенұлы марапатталды.

Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Қойшанова Гүлнара Нұрғазықызы болса ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісін иеленді.

Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Сафарова Мақсат Мұқтарханқызы – Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы адал еңбегі және еліміздің әлеуметтік саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Момбаева Баянгүл Қараулқызы – Әлеуметтік қорғау саласында еңбегі ерекшеленгендер және кәсіптік мерекеге орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алғыс хатын алды.

ІІІ. «Еңбек жолы» облыстық байқауында номинация бойынша жеңімпаз атанғандарға:

• «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Дурас Николай Федорович әулетіне — 100 000 теңге сертификат;
• «Өндірістің үздік жас жұмыскері» номинациясы бойынша бірінші орын иеленгені үшін «У.Д.Қантаев атындағы су электр станциясының инженері Әукен Сұлтан Біләлұлы 100 000 теңге сертификат табысталды.

ІV. Әлеуметтік қорғау саласына қосқан үлесі үшін үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) ретінде:

• Облыста мұқтаж жандарға ұзақ уақыт бойы үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп келе жатқан ҮЕҰ «Ақжамбы» мүгедектігі бар балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі – 100 000 теңге сертификат;
• Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жартылай стационар жағдайында мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп келе жатқан ҮЕҰ «АМАН» мүгедектер қоғамдық бірлестігі — 100 000 теңге сертификат;
• «Үздік медициналық — әлеуметтік мекеме» номинациясы бойынша «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы — 100 000 теңге сертификат;
• «Үздік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» номинациясы бойынша Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі — 100 000 теңге сертификат;
• «Үздік жұмыспен қамту орталығы» номинациясы бойынша Қарасай ауданының жұмыспен қамту орталығы — 100 000 теңге сертификатпен марапатталды.

Тегтер: марапат

Соңғы жаңалықтар

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz