Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тау арқарын сойып алған қойшы тергеліп жатыр

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында тау арқарын сойып алған тұрғын ұсталды.Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

04.11.2022
Жаңалықтар

Күдіктіні Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері экологиялық қылмыстардың алдын алу бағытындағы «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұстаған.

Табиғатты қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Алмас Серіков күнделікті жұмысын атқару кезінде таулы аймақта салт аттыны байқап, оны тоқтатып, не мақсатпен жүргенін сұрастырады. Тұрғынның күмән тудырған қабынан жаңа сойылған аң ұшасы табылып, тәркіленеді. Сараптама тағайындалады.

Күдікті жауап беру барысында қаптағы еттің арқардікі екенін, оны ұстаған кезін өз ұялы телефонына түсіріп алғанын жеткізеді. Анықталғандай, мал бағып жүрген жас жігіт жануарды иттерінің көмегімен ұстап алған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 339-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz