Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Филиппиндегі «Налджи» дауылынан 152 адам опат болды

Филиппиндегі «Налджи» тропикалық дауылынан 4,12 миллионнан астам адам зардап шекті. Табиғат апатынан 152 адам көз жұмды. Бұл туралы Қауіптің алдын алу және табиғи апаттарды жою ұлттық кеңесінің жұмада жарияланған есебінде айтылған, деп хабарлайды Alataunews.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

04.11.2022
Арнайы жоба

Ведомствоның мәліметінше, 1186 эвакуация орталығында 1,03 миллион адам орналастырылған. 355,4 мыңнан астам адам үйлерінен алдын ала кетіп қалған. Кем дегенде 128 адам түрлі дене жарақатын алған, 35-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Республиканың 13 өңірінде су тасқыны мен көшкіндерді қоса алғанда, апатқа байланысты 1,51 мың оқиға тіркелген.

Дауыл 22,4 мың үйге зақым келтіріп, 2,62 мың үйді жойған. 391 инфрақұрылымдық нысанға келтірілген залал 2,91 миллиард песоға (49,63 миллион доллар) бағаланып отыр. Апат салдарынан 504 жол мен 120 көпір бүлінген. 359 қалада электр қуатында ақаулар шыққан, бірақ 234 қалада ол қалпына келтірілді, 38 муниципалитетте байланыс жағынан, 11 қалада сумен жабдықтауда ақаулар бар.

666 оқу орнында сабақ және 233 кәсіпорында жұмыс тоқтатылды. 437 қала төтенше жағдайда. Ауыл шаруашылығына келтірілген шығын 2,74 миллиард песоға (46,79 миллион доллар) бағаланып отыр. Үкімет көмекке 149,9 миллион песо (2,55 миллион доллар) бөлді.

Тегтер: дауыл

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz