Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Қаза тапқан кеншілердің отбасына пәтер беріледі

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қаза болғандардың жақындарына психологиялық және медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

04.11.2022
Арнайы жоба

«Қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтамын. Бұл – үлкен трагедия. Қазір «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ына тиесілі барлық 8 шахта жұмысын тоқтатты. Ертеңге 7 шахта жұмысын қайта бастайды. Қалған 1 шахтадағы жұмыс комиссия жұмысын аяқтаған соң жанданады», — деді Жеңіс Қасымбек Қарағандыда өткен баспасөз мәслихатында.

Өңір басшысы апат кезінде жарақат алған кеншілерге медициналық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

«Қаладағы Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханада 4 кеншіге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Екеуінің жағдайы орташа ауыр. Олар метан газына уланған әрі миы шайқалған», — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, ол қаза тапқан кеншілердің отбасына пәтер берілетінін жеткізді.

«Ұжымдық шартқа сәйкес, қаза тапқан кеншілердің отбасына материалдық және қаржылық көмек толық көрсетіледі. Оның ішінде 10 жылдық жалақы төленеді және әрбір отбасыға пәтер беріледі әрі кредитті жабу, балаларын оқытуға көмек беріледі», — деді өңір басшысы.

Тегтер: Қарағандыоқиғашахта

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Диана Ахметова
24.08.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Диана Ахметова
24.08.2026

Құрылтай сайлауы: СОЦИС-А экзитпол нәтижелерін жариялады

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz