«Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі — 750 мың теңге. Бұл цифрлар тағы да өзгеруі мүмкін. Кешелі бері 400 келі шабақ жинадық. Тазарту жұмыстары жалғасып жатыр», — деді Ринат Кумашев.
Оның айтуынша, тиісті ғылыми — зерттеу жүргізу үшін қылмыстық іс қозғау қажет. Сондықтан құқық қорғау органдарына қажетті хат жазылды.
«Тұрғындар ауыз су мәселесіне де алаңдап отырғаны белгілі. Қонаев қаласының ауыз суына 2 сағат сайын лабораториялық зерттеу жүргізіліп отырады. Алаңдайтын ештеңе жоқ», — деді инспектор маман.
Сонымен қатар ол боранның әсерінен балық қырылып қалды деу қисынсыз екенін айтты. Себебі, талдау нәтижесі әлі шыққан жоқ, ғылыми — зерттеу қорытындысы 1-2 ай ішінде белгілі болады.
«Айта кетерлігі, кешегі жарияланған ақпаратта қырылып қалған балық шабақтары су қоймасында арнайы өсіріліп жатыр делінген. Бұл шабақ –қаракөз балығы. Ал Қапшағай көлінде арнайы өсірілетін балық түрі – өсімдік қоректілер», — деді Ринат Кумашев.
Күні кеше Қапшағай көлінде балық шабақтарының қырылып, су бетіне қалқып шыққанын жазғанбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram