Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда емханалар арқылы көрсетілетін стоматологиялық көмекті қалай пайдалануға болады?

Амбулатория деңгейіндегі жоспарлы және шұғыл стоматологиялық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқылы қаржыландырылады және азаматтардың жекелеген санаттары үшін тегін көрсетіледі, деп хабарлайды Alataunews.kz.

03.11.2022
Жаңалықтар

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызмет бөлімі жетекшісі Ләйла Иманғалиеваның айтуынша, жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге ғана көрсетіледі.

«Олар тісті жансыздандыру, химиялық пломба салу, терапевтің қабылдауы, пульпит пен перидонтитті емдеу, флюороз, гипоплазия кезінде тістің анатомиялық пішінін толық қалпына келтіру, тісті хирургиялық жолмен жұлу т.б. қызметтерді тегін пайдалана алады. Тіс дәрігерінің қызметіне жүгіну үшін стоматологиялық клиникаға хабарласып, қабылдауға жазылған дұрыс», — дейді сарапшы.

Ал шұғыл стоматологиялық көмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде, халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттарына ғана көрсетіледі.

Олардың қатарында 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, ҰОС ардагерлері, барлық топ мүгедектері, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналар, зейнеткерлер, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар сырқаттармен ауыратын науқастар, балалық шақтан І топ мүгедегін күтушілер бар. Стоматологиялық көмекті емхана арқылы ғана емес, медициналық сақтандыру жүйесінде жұмыс істейтін жеке меншік тіс клиникалары арқылы да пайдалануға болады.

Естеріңізге сала кетсек, стоматологиялық көмекке қатысты барлық сұрақтарды медицина ұйымы жанындағы Пациенттерді қолдау қызметіне жолдауға болады.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында егін жинау жұмыстары қарқын алды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

23 тамызда Алматы облысында қоғамдық көлік тегін болады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Қарасайда жыл басынан бері 203 отбасы қоныс тойын тойлады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысының әкімі Райымбек пен Кеген тұрғындарымен кездеседі

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысында аяғы құбырға қысылған сәби құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz