Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда 20-дан астам көлікті тонаған екі адам ұсталды

Алматы полициясы көлік тонаумен айналысып келген екі тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Alataunews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

03.11.2022
Жаңалықтар

Олар жасаған қылмыстар саны 20-дан асады. 28 жастағы Г. есімді тұрғын мен оның құрдасы Н. көлік тонады деген күдікке ілінген.

«Жергілікті тұрғын белгісіз біреулердің Volkswagen Touareg көлігінің әйнегін сындырып, ондағы мүліктерін ұрлап кеткеніне шағымданды. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1,5 млн теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында біздің бөлімше қызметкерлері ұрланған заттарды сатып алушылар мен күдіктілердің ізіне түсті. Олардың ауданымызда 10, қалада 20-дан астам қылмыс жасағаны анықталды. Ұстау кезінде ұрланған заттар тәркіленді», – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Бұған дейін екі күдікті де бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ұсталғандар қылмыс жасағандарын мойындады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында егін жинау жұмыстары қарқын алды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

23 тамызда Алматы облысында қоғамдық көлік тегін болады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Қарасайда жыл басынан бері 203 отбасы қоныс тойын тойлады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысының әкімі Райымбек пен Кеген тұрғындарымен кездеседі

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысында аяғы құбырға қысылған сәби құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz