Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда бірнеше банкоматты бұзған ұры ұсталды

Жетісу облысының орталығында бірнеше банкоматты бұзған ұры ұсталды. Ол жеті жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Alataunews.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

02.11.2022
Аймақ

33 жастағы ер адам сауда үйінің маңында қолға түсті. Ол банкоматты бұзып, қолма-қол ақшамен қашып кетуге тырысқан. Бірақ полицейлер оны ұстады. Жеке күзет ұйымының қызметкері де көмектескен.

Ұсталған адам Сарқан қаласының тұрғыны болып шықты. Облыс орталығына ұрлық жасау мақсатында арнайы келген. Одан банкоматты бұзуға қажетті құралдар – арқан, тістеуік, металл кескіш, бетперде және жұмыс қолғаптары тәркіленді. Күдікті қылмысқа жан-жақты дайындалған. Бейнебақылау камераларының бар-жоғын, ғимараттарға кіру және қашу жолдарын зерттеген.

«Қазір күдіктінің Талдықорған қаласындағы үш, Сарқан қаласындағы үш және Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы бір ұрлыққа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Алты жағдайда банкоматтар бұзылған. Жалпы шығын шамамен 8 млн теңгені құрады», — дейді полицейлер.

Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық, бірнеше рет жасалған әрекет) бойынша екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.

Тегтер: Жетісу облысыТалдықорғанұрлық

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz