Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде чемпиондардың өмір бойы, ай сайын алатын төлемі 76 380 теңгеден 318 мың теңгеге өсті

Елімізде олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және әлем чемпионы атанған спортшыларға берілетін ай сайынғы материалдық төлем мөлшері өсті. Бұл туралы спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

01.11.2022
Жаңалықтар

«Қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушыларға олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындары жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарына өмір бойы берілетін ай сайынғы қамсыздандыру мөлшері өсті.

Аталған төлем осыған дейін 24 айлық есептік көрсеткіш (76 380 теңге) болған. Биыл министрліктің Үкіметке жасаған ұсынысы қолдау тауып, ай сайынғы қамсыздандыру көлемі 100 АЕК-ке дейін (318 000 теңге) артты», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта айтылғандай аталған төлемді алу үшін спортшылар мен бапкерлердің сала бойынша 20 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.

«Бұл өзгерістер тек спортшыларды ғана емес олардың бапкерлеріне де қатысты. Яғни олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарын тәрбиелеген бапкерлері де өмір бойы алатын ай сайынғы қамсыздандыруға құжаттар тапсыра алады», — дейді комитеттен.

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz