Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Сеулдегі қайғылы оқиға кезінде қазақстандық студент қыз қаза тапқан – ҚР СІМ

Сеулдегі трагедияға байланысты тәулік бойына жұмыс істеп жатқан Кореядағы ҚР елшілігінің бөлімі қаза тапқандар арасынан Қазақстан азаматының анықталғанын жеткізді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

30.10.2022
Арнайы жоба

Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында 1996 жылғы Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланысқа шығып, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуге дайын.

Айта кетсек, Сеулде Хэллоуин мерекесінде көптеген ойын-сауық орындары орналасқан Итэвон аймағындағы тар көшемен жылжыған топ адамдар бірін-бірі таптап, кейбірі аяқ астында қалып кеткен.

Шұғыл қызмет қаза тапқандар саны 151-ге дейін артқанын мәлімдеді.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль Ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Сеул қаласындағы қайғылы оқиғаның салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті. Оңтүстік Кореядағы ҚР елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды.

Кореялық құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылды. Дипломаттар консулдық есепте тұрған қазақстандықтарға хабарласып жатыр.

Консулдық бөлім жанындағы жедел штабтың шұғыл байланыстары:

Жұмыс тел.: +82 2 379-9714, +82 2 394-9716;

Ұялы тел.: +82 10 6682 2992, +82 10 6542 7771;

Эл. пошта: seoul@mfa.kz;

Мекенжай: 53 Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul, 140-809 서울시 용산구 장문로 53, 140-809.

Соңғы жаңалықтар

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz