Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы «Turan barysy» Азия кубогының жеңімпазы атанды

Қазақстан құрамасы Түркістанда өткен «Turan barysy» Азия кубогының жеңімпазы атанды.

30.10.2022
Жаңалықтар

Түркістан қаласында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогы өтті. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Мажарстан балуандары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Балуандар екі топқа бөлініп, жеті салмақ санатында айналмалы жүйеде күресті. Екі топтан іріктелген Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан құрама командалары жүлделі орындарға таласты.

Әзербайжан елінің өкілдерін қапы қалдырған қырғыз өрендері қола жүлдені иеленді. Ал тартысқа толы күрес бәсекесінің ақтық айқасы Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасында өтті. Айтулы доданың ақтық бәсекесінде 4:3 есебімен Қазақстан балуандары жеңіске жетіп, «Turan Barysy» додасының чемпионы атанды.

Алғаш рет ұйымдастырылған күрес сайысында бірінші орын алған команда 10 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық алса, екінші орынға — 6 000 000, үшінші орынға — 4 000 000 теңге табысталды. Сондай-ақ жеңімпаз командаларға кубок ретінде Түркістан символы – Тайқазан берілді.

Айта кетейік, іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің, сондай-ақ «Qazaq kuresi» қауымдастығының, «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының ұйымдастыруымен өтті.

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz