Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Тоқаев Түркия президентіне құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Республика күніне орай президент Режеп Тайып Ердоғанға және барша түрік халқына жүрекжарды құттықтауын жолдады, - деп хабарлайды Alataunews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29.10.2022
Саясат

«Ұлт бірлігі мен ынтымағының айқын көрінісі, еркіндік пен жасампаздықтың бірегей нышаны болған бұл күннің ел тарихында орны ерекше екені сөзсіз. Осы құндылықтарды ту еткен Анадолы елі — қазіргі таңда жаһандық деңгейдегі жетістіктерін бүкіл дүниежүзі мойындаған белді де беделді мемлекет. Мұның бәрі ел басқару ісіндегі мол тәжірибеңіз бен дана саясатыңыздың, қажырлы еңбегіңіз бен ерекше тұлғалық қасиеттеріңіздің арқасы деп білемін. Осы тұста Сіздің парасатты басшылығыңызбен Отаныңыздың әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселей беруіне тілектестігімді білдіремін», — делінген құттықтау хатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жыл бұрын Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнағанын, бүгінде ынтымақтастығымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Түркия президентінің аса жауапты қызметіне толайым табыс, отбасына баянды бақыт, ал ағайын түрік халқына мол ырыс пен құт-береке тілейтінін жеткізді.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевқұттықтау хатмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Оба: қауіпті инфекциядан қалай сақтанамыз? Маман маңызды кеңес айтты

Қорлан Нұрланқызы
14.07.2026

Алкоголизмнің алдын алу – жарқын болашақтың кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

Жолдағы тәртіп – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

ІІМ Telegram-дағы жаңа алаяқтық туралы ескертті

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

Қазақстанда жоғары оқу орындарының білім гранттарына өтініш қабылдау басталды

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz