Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды.Бұл туралы Alataunews.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

27.10.2022
Жаңалықтар

«Тергеу соты қамауда болу мерзімін К. Мәсімов пен А. Т. Садықовқа 6 желтоқсанға дейін, Д. Е. Ерғожинге 13 желтоқсанға дейін, М. С. Осиповке 22 желтоқсанға дейін ұзартты. К. Мәсімовке қатысты істі тергеу тамыз айында аяқталды», — делінген ресми ақпаратта.

Хабарламада айтылғандай ҰҚК бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іске «аса құпия» белгісі тағылған.

Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 2016 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін ҰҚК басшысы қызметін атқарды. Биыл қаңтар айының басында қамауға алынды.

К. Мәсімовке ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі («Мемлекетке сатқындық»), 179-бөлімі, 3-бөлігі («Билікті күшпен басып алу») және 362-бөлімі, 4-бөлігі, 3-тармағы («Билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану») бойынша айып тағылды.

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі осыған дейін бірнеше рет ұзартылған болатын. Бұған дейін сот санкциясы 2022 жылдың 6 маусымына дейін берілген еді.

Қылмыстық істі тергеу тамыз айында аяқталды.

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz