Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру соңғы 10 жылда болмаған көрсеткішке жетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевті қабылдады.

27.10.2022
Саясат

Президентке ауыл шаруашылығы саласын дамытудың биылғы 9 айдағы негізгі қорытындылары туралы есеп берілді, делінген Ақорданың хабарламасында.

Министрдің айтуынша, жалпы өнім көлемі 6,9 пайызға артып, 6,8 триллион теңгеге жеткен. 21,8 миллион тонна дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ еліміз тұтынуға қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық негізгі түрі бойынша толық қамтамасыз етілген.

Ақорда баспасөз қызметі

«Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырмаларының орындалу нәтижесі туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, мемлекетке 5 миллион гектардан астам жер мерзімінен бұрын қайтарылды. Бұл жерлер негізінен жайылым тапшылығы мәселелерін шешуге беріледі», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар жүргізілген тексерулердің нәтижесінде жер пайдаланушылар бұған дейін бос жатқан 1,8 миллион гектар жерді игеруге кірісті.

Бұдан бөлек, ветеринария жүйесін реформалау үшін қабылданған кешенді шаралар туралы баяндалды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы аграрлық секторды цифрландыру және субсидиялау механизмін жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz