Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Жетісу облысының Сарқан ауданында алғашқы цифрлық кеңсе ашылды

Республика күні қарсаңында Жетісу облысының Сарқан ауданында алғашқы цифрлық кеңсе ашылды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

24.10.2022
Аймақ

Бұл — өңірде жаңа форматқа көшкен алғашқы қызмет көрсету орталығы. Жаңа талаппен халыққа қызмет көрсететін кеңсенің ашылуына «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Тобаева және «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Самат Иманғалиев арнайы қатысты.

«Сарқан ауданында Халыққа қызмет көрсету бөлімі 2008 жылы ашылған болатын. Бүгін, міне Республика күні қарсаңында алғашқы болып бізде Халыққа қызмет көрсету бөлімі жаңа форматта, цифрлық кеңсеге ауыстырылып, бағытымыздың барлығы заман талабына сай өзгеріп, жана цифрлық кеңсе ашылып жатыр. Осы Сарқан ауданында жалпы 692 қызмет көрсетіледі, оның ішінде 636-сы электронды форматқа ауыстырылды. Яғни, тұрғындар бұл қызметтерді арнайы e.gov порталы арқылы электронды түрде ала алады. Қызмет түрімен қатар кеңсеміздің дизайны да өзгеріп, әрбір сектор өз қызметіне қарай өзгертілген. Яғни, жасыл түспен белгіленген секторда халыққа дайын құжат беріледі, ал сары түсте жылдамдық аймағы белгіленген, демек бұл секторда барлық қызмет түрі 20 минуттың ішінде көрсетіледі. Мысалы оған туу туралы анықтама беру, неке қию туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу сынды қызметтер кіреді. Ал күлгін түске белгіленген аймақта әлеуметтік қызметтер көрсетіледі», — деді Азаматтарға арналған үкімет МК КЕАҚ-ң Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Самат Иманғалиев.

Мекеме басшысының сөзінше, келер жылы жаңа форматтағы халыққа арналған цифрлық кеңсе Панфилов, Ескелді және Қаратал аудандарында ашылады деп жоспарланып жатыр.

Тегтер: Жетісу облысыСарқан

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz