Ер адам хирургиялық ота кезінде екі композицияны: Италияның әнұраны мен «Махаббат хикаясын» орындаған.
Дәрігерлер науқастың неврологиялық функцияларына зияны тимес үшін мұндай «қолайсыз» әрі ерекше операцияға баруға мәжбүр болған.
Операция жасайтын 10 хирург күрделі отаға әбден дайындалған, олар портитураларды алдын ала тыңдап, дыбыстардың миға әсерін зерттеген.
Мұндай операция Италияда бірінші рет жасалған. Ота сәтті өтіп, науқас үш күннен кейін үйіне шыққан.