Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлем чемпионы атанған Шеңгелді ауылының спортшысы елге оралды

Алматы облысы Шеңгелді ауылының тумасы Бекнұр Тәңірберген Арменияда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Бұл жарыс Ереван қаласында қазанның 13-16 күндері аралығында өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

21.10.2022
Жаңалықтар

Әлемнің 46 елінен жиналған 71 келі салмақтағы 500 спортшы ішінен Бекнұр оқ бойы оза шапты.

«Үлкен спортқа қадамды Шеңгелдіде жүріп бастадым. Мұнда мен дзюдо спорттық үйірмесіне қатыстым. Дзюдоның самбоға, қазақ күресіне ұқсастығы үш спорт түрінен де түрлі жарыстарға баруыма мүмкіндік берді. Қазіргі таңда мен бұл үшеуінен де Қазақстан чемпионымын, спорт шеберімін. Сондай-ақ қазақ күресінен Азия біріншілігінің жүлдегерімін», — деді спортшы сұхбат барысында.

Ал жаттықтырушысы Мәди Сапин болса Бекнұрдың тынбай 13 жыл шыныққанын айтады.

«Жақында өткен әлем чемпионатында Армения мен Грекияның спортшыларымен күресті. Оларды жеңген соң, финалда Қырғызстан жігітімен кездесті. 10-4 есебімен қарсыласын ойсырата жеңіп, басым түсті. Осылайша, қанжығамыз майланды. Біз мұнымен тоқтамай, алдағы келе жатқан додаларда топ жару үшін жаттыға береміз», — деді жаттықтырушы.

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz