Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Баспанасыз қазақты да ойлайық»: Алматы облысында жеке сектор тұрғындары мен билік келісімге келе алмай жүр

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылының жеке секторының тұрғындары көпқабатты үй құрылысына шағымданды. Жергілікті билік пен бесағаштықтар арасында дау бітер емес. Бұл мәселе тіпті сотта да қаралған, деп хабарлайды Alataunews.kz.

21.10.2022
Аймақ
Фото: Айдана Дайырова

Фото: Айдана Дайырова

Бесағаштықтардың айтуынша коттедж маңынан көпқабатты үй салып жатқан мердігер компания құрылыс жүргізуге қатысты заңдылықты сақтамай отыр.

Фото: Айдана Дайырова

«2018 жылы осы жерден алғаш жер учаскесін алғанымызда мына көпқабатты үй салынып жатқан жерде мектеп пен емхана тұрғызылады деген. Ал қазір оның орнына көпқабатты бірнеше үй тұрғызылғалы жатыр. Сондай-ақ құрылыс компаниясы біздің үйіміз бен жаңа құрылыстың арасындағы қашықтықты сақтамай отыр», — дейді Бесағаш ауылының тұрғыны Ырысбек Базылжанұлы.

Фото: Айдана Дайырова

«Бесағашта бір ғана емхана бар. Соған барамыз бәріміз. Ал мұнда тұрғындар өте көп. Кішкентай емханаға сыймаймыз. Бізге емхана салып берсін», — дейді тұрғын Идалия Ошағанова.

Бесағаштағы бұл маңның мәселесі сотта бірнеше рет қаралған. Әлі нүкте қойылған жоқ. Тұрғындардың айтуынша, саңырауқұлақша салынған көпқабатты үйлер ауданның экологиялық ахуалын нашарлатады. Онымен қоймай құрылыс салу заңдылығы өрескел бұзылып жатыр.

«Соттың ұсынысы бойынша бізге құрылыс компаниясымен меморандумға келіңдер деп отыр. Үй тұрғызған компания инвестор ретінде өз ақшасына осы маңнан балабақша, мектеп және емхана салып береді. Жекеменшік жерге сіздердің еш қатыстарыңыз жоқ, дейді сот. Келесі сот отырысы қай күні болатыны тағайындалған жоқ. Өйткені құрылыс компаниясының меморандумын күтіп жүрміз. Меморандумда компания өздеріне қандай міндеттер алды соны сотқа тапсырады. Ол жерде алған міндеттемелері қандай, қай уақытта бастайды, қандай құрылыс болады сол туралы нақты көрсетіледі. Біз соны көруіміз керек», — дейді адвокат, Бесағаш ауылының тұрғыны Нарынғали Жұмабаев.

Фото: Айдана Дайырова

Бесағашта үй түрғызып жатқан түрік компаниясы. Жергілікті биліктің айтуынша, жобалық-сметалық құжатына сай, еш ақау жоқ. Олар Қазақстандағы талай құрылыс нысандарын тұрғызған тәжірибелі компания. Ал тұрғындар айтқан шаң жұту, жолдарды айналып жүру сияқты біраз келеңсіздіктер уақытша, дейді әкімдік.

«Бұл жерде көпқабатты үй ғана емес, мектеп, емхана, балабақша салынады. Оны мына көпқабатты үйлерді тұрғызып жатқан компания өз қаражатына салып береді. Тұрғындар қаланың бас жоспарын бұздыңдар деп үнемі наразылық білдіреді. Халықтың шоғырлануына қарай бас жоспарға өзгерістер енгізіліп отырады», — дейді Бесағаш ауылының әкімі Ернар Ниетбайұлы.

Көпқабатты үйлер салудың нәтижесінде 3000 адам баспанамен қамтылады. Биліктің айтуынша, бесағаштық коттедж тұрғындары өздеріне қолайлы жағын ғана емес, баспанасыз қазақтың да қамын ойласа дейді.

Тегтер: Талғар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz