Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы — біздің еліміздегі туристік саланың флагманы

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев қаласының халқымен басқосу барысында айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

19.10.2022
Аймақ

«Алматы облысы — біздің еліміздегі туристік саланың флагманы. Оның басты бәсекелестік артықшылығы — өлкенің бай табиғатында. Ұлттық байлықтың, оның ішінде, көркем шатқалдар, су айдындары, ұлттық саябақтар мен қорықтардың заңсыз жекешелендірілуіне жол берілмейді. Үкімет пен әкімдік мұндай фактілерге ерекше назар аударуы қажет», — деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің мәліметінше, Іле Алатауы өзінің бірегей жабайы өсімдіктері мен жануарларымен танымал. Бұл жер әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тарту үшін қуатты магнит бола алады.

«Халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, біз Алатауда еліміздің киелі символы — қар барысының санын көбейтуге күш саламыз. Іле-Балқаш табиғи резерватында жолбарыстарды реинтродукциялаудың бірегей жобасы іске қосылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық парктеріне келушілер саны 1,5 миллионға жеткені қуантады – бұл рекордтық көрсеткіш», — деді ҚР Президенті.

Оның айтуынша, облыстың туристік әлеуетін арттыруға Таңбалы Тас шатқалында «Tengri Ultra» марафоны және Қапшағай су қоймасында «Oceanman» жүзу додасы сияқты халықаралық жарыстарды өткізу ықпал етеді. Қазіргі уақытта бұл су қоймасы ауыз сумен жабдықтау, суару, балық аулау, рекреация көзі ретінде пайдаланылады. Үкімет Қапшағай су қоймасының мәртебесін елдің негізгі туристік нысандарының бірі ретінде белгілеуі керек.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы туризмнің аймақтағы ауыл шаруашылығының тұрақты өсуіне ықпал етуі мүмкін екенін айтты. Қазақстан сияқты теңізге шыға алмайтын Австрия да тау шаңғысымен қатар шарап туризмін табысты ілгерілетіп, өзінің жүзім шаруашылығына және аграрлық секторына жәрдемдесіп жатыр. Бұл — Қазақстан үшін жақсы үлгі.

«Қазақстанда 80-ге жуық елдің азаматтары үшін визасыз режим қолданылады. Бірақ тұтастай алғанда туризм саласындағы жағдайды қанағаттанарлық деп атауға болмайды», — деді ҚР Президенті сөз соңында.

Тегтер: Қазақстанмемлекет басшысыТуризм

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz