Ата-аналардың айтуынша, 2022 жылдың оқу жылын оқушылар онлайн бітірген. Ал аудандық білім бөлімі тек мамыр айындағы мерекеден кейін ғана онлайн оқығандарын айтады. Өйткені, мектепке күрделі жөндеу басталған.
«Мектеп 1967 жылы салынғандықтан күрделі жөндеуді қажет етеді. 1 млрд 141 млн теңгенің жобалық сметалық құжаты жасалды. Жөндеу жұмыстары 11 айда біту керек», — дейді аудандық білім бөлімі.
Гүлдана ауылындағы орта мектеп 900 орынға арналған. Бірақ 2000 бала білім алады, биылғы жаңа оқу жылында тағы 150 оқушы қабылдаған.
«Мектеп әкімшілігі ертерек бітіріп беруді сұрап отыр. Жаңа жылға дейін бітіреміз. Қазір білім ошағының шатырлары жабылып, едендері ауыстырылған. Мердігерлердің айтуынша, қаражат пен құрылысшы жеткілікті», — дейді мердігер фирма басшысы Қазыбек Қалыбаев.