Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент сайлауы: Жұматай Әлиев мемлекеттік тіл сынағын сәтті тапсырды

ҚР Президенті сайлауына үміткер Жұматай Әлиевтің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша емтихан қорытындысы белгілі болды

12.10.2022
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Лингвистикалық комиссия президенттікке кандидат Жұматай Әлиұлы Әлиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтады.

«Лингвистикалық емтихан үш кезеңде өткізілді. Жазба жұмысы, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу. Емтихан аяқталған соң, комиссия кандидаттың жауабын талқылап, қорытындысын шығарды», – делінген хабарламада.

Мемлекеттік тіл бойынша емтихан қорытындысын лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Құрманжанұлы Ахметов баяндады.

«Кандидат «Түркістан – ер түріктің бесігі» тақырыбында жазба жұмысын орындады. Жұмыс мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Екінші тапсырма бойынша Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша «Адал еңбек – игілік көзі» тақырыбына көпшілік алдында сөйледі», – дейді ол.

Орталық сайлау комиссиясының ресми ақпаратына сәйкес, емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссияның екі мүшесі қалыс қала отырып, кандидат Жұматай Әлиұлы Әлиевтің мемлекеттік тілді меңгергендігі туралы көпшілік дауыспен шешім қабылдады.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Фото: Дамир Нұрқасым

Қонаевта мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелік алаң өтті

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Тоқаев туризм мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz