Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Жетісу облысында 6 жасар бала аттан құлап мерт болды

Панфилов ауданында алты жасар бала аттан құлап, ауыр жарақат салдарынан көз жұмды

12.10.2022
Арнайы жоба

Жетісу облыстық полиция департаменті анықтағандай, бала шауып бара жатқан аттың үстінен құлаған. Ол әкесімен қыстаққа барған. Сол жерде атқа отырып жүргісі келген.

Бірақ асау ат оған бағынбаған. Шауып бара жатқан аттың үстінен құлаған баланың аяғы жылқының үзеңгісіне қысылып қалған.

«Оқиға 11 қазан күні Жерұйық ауылында болған. Жаркент қаласындағы ауруханаға баланы ауыр халде жеткізген. Өміріне араша түскен дәрігерлердің көмегіне қарамастан ол бірнеше сағаттан кейін көз жұмды.

Ата-аналардан балаларына үлкен жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Себебі, бала өзіне төніп тұрған қауіпті түсінбейді. Арты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін», – делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz