Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысының әкімі еліміздің бас мүфтиімен кездесті

Бүгін өңірге іс-сапармен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы келді. Ол Қонаев қаласындағы облыстық әкімдікте аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевпен кездесті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

10.10.2022
Сұхбат
Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Аталған басқосу жайында ҚМДБ-ның muftyat.kz ресми сайтында баспасөз ақпараты тарады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде өңірдегі діни ахуал талқыланды. Сонымен қатар имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру, дін қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау, аймақтағы мешіттерді кадрлармен қамтамасыз ету, халыққа дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру т.б. мәселелер сөз болды.

Фото: muftyat.kz

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқымыздың біртуар тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев есімін жаңа облыс орталығындағы қалаға беру туралы бастамасы біздің діни саладағы жұмысымызға оң серпін беруде. Қонаев қаласынан Діни басқарма өкілдігін аштық», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиын соңында ҚМДБ төрағасы облыс басшысына игі ниетін жеткізіп, жаңа қызметіне береке тіледі. Және қос тарап ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Айта кетейік, биыл 8 шілде күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен мүфтияттың Қонаев қаласында арнайы өкілдігі ашылып, жаңадан құрылған Алматы облысының бас имамы тағайындалды.

Тегтер: ҚМДБМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

ІІМ азаматтар мен ойын-сауық орындары иелеріне үндеу жолдады

Қорлан Нұрланқызы
10.06.2026

Еңбекшіқазақ ауданындағы әкім сайлауының қорытындысы жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
10.06.2026

Қапшағай су қоймасында ағысқа кеткен қайықтағы үш адам құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
10.06.2026

Алматы облысындағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті

Қорлан Нұрланқызы
10.06.2026

Қазақстандықтар Астана күніне орай үш күн қатарынан демалады

Қорлан Нұрланқызы
10.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz