Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

«Бар зейнетақымды таксиге төлеймін»: Алматы облысының 85 жасар зейнеткерін қоғамдық көліктің зары қажытқан

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты бірнеше ауылдың тұрғындары талай жылдан бері қоғамдық көліктің проблемасынан көз ашпай келеді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

10.10.2022
Қоғам

Қоғамдық көлік проблемасын айтып, халық биліктің де есігін талай тоздырған. Бірақ одан қайыр жоқ.

«Халықтың басым көпшілігі қалаға барып жұмыс істейді. Таң құзғыннан тұрамыз маршрутты тосып. Оның өзі бір сағатта бір-ақ рет жүреді», — дейді Көлді ауылының тұрғыны Назым Сәрпекова.

Қарасай ауданының Көлді, Мерей, Ұлан, Нұрбағы, Таң ауылдарына 8 нөмірлі шағын маршрут қана жүреді.

«Маршруткаға сыймаймыз. Кіп-кішкентай, ескі. Не есігі дұрыс жабылмайды, не терезелері дұрыс жабылмайды. Тіпті кейбір маршрутканың келе жатып рулі жұлынып қалғанын да көрдік», — дейді Таң ауылының тұрғыны Жәмила Ақпаева.

Тұрғындар қоғамдық көліктің жоқтығынан жұмыстан үйге қайта алмай қалатындарын айтады. Такси бағасы тым шарықтап тұр.

«Қоғамдық көлік расымен проблема. Барлық жағдайды білеміз. Жақында Қонаев қаласынан Алматы облыстық жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы келді. Тұрғындармен кездесті. Қараша айының соңына дейін мәселені шешеміз деді. 8-ші маршрутка сияқты емес, үлкен автобус береміз деді», — деп мәлімдеді Қарасай ауданы Ұмтыл ауылдық округінің әкімі Серік Қалижанұлы.

Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылында да осындай проблема.

«Менің жасым 85-те. Бар зейнетақымды таксиге төлеймін. Автобус жоқ. Ауылдан шығып қалаға бару үшін таксиге отырамын. Сосын анау қалың көлік зулап жатқан жолды әрең өтіп, тағы таксиге отырамын», — дейді Әйтей ауылының тұрғыны Күлжәмила Безбаева.

Қоғамдық көлік Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты барлық ауылда проблема. Ал аудандық әкімдік мамандары аталған мәселеге қатысты жауап бермеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: зейнеткерҚарасайқоғамдық көлік

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz